Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан "Тәжен" кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды, - деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.
"Lada Largus" маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылды. Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды.
Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды.
Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 гр. психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты. Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды.