$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Жол апатынан екі адам қаза тапты

AstanaTV
18.07.2024ж. 22:51
Жол апатынан екі адам қаза тапты

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Алматы – Өскемен тасжолында Foton жүк көлігі мен Mazda 626 жолаушылар көлігі соқтығысты.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.