$447.88 €516.58 ₽5.29
×

«Әділет» партиясы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша республикалық Ашық есік күнін өткізеді

«Әділет» партиясы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша республикалық Ашық есік күнін өткізеді
Фото: Әділет партиясының баспасөз қызметі

18 қыркүйекте «Әділет» партиясы «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясында балалардың құқығын қорғау мәселелеріне арналған республикалық Ашық есік күнін өткізеді.
 

Кездесу еліміздің барлық өңіріндегі партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде Әйелдер қанаты жетекшілерінің қатысуымен ұйымдастырылады. Негізгі іс-шара Астана қаласындағы партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде болмақ, деп хабарлайды Astana TV. 

Бастама Мемлекет басшысының балалардың құқығы мен мүддесін қорғау бағытындағы саясатын қолдауға және азаматтармен тікелей байланысты нығайтуға бағытталған. Тұрғындар отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларымен қоса, өз мәселелері бойынша жеке кеңес алып, құқықтық көмекке жүгіне алады.

Қабылдау барысында бала құқығының қорғалуы мен қауіпсіздігі, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ балалар инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту мәселелері қаралады.

Азаматтардың нақты өтініштеріне ерекше назар аударылады. Жүйелі шешімді қажет ететін мәселелер жинақталып, одан әрі қарау үшін мемлекеттік және жергілікті деңгейдегі тиісті органдарға жолданады.

Қосымша ақпарат алу үшін «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 8-800-080-44-41 колл-орталығының нөмірі арқылы хабарласуға болады.