Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Өскеменде қызыл судың кесіренен 3 мың адам далада қалуы мүмкін

AstanaTV
28.02.2017ж. 20:00
2608
Өскеменде қызыл судың кесіренен 3 мың адам далада қалуы мүмкін

Өскеменде 2 мыңдай баспана қызыл су астында қалу қаупі бар. Яғни бір күнде 3 мың адам өз шаңырағынан айырылуы мүмкін. Қазірде қалада арықтар тазартылып, апаттың алдын алу жұмыстары жүрігізіліп жатыр. Бұл мақсатта Төтенше жағдай қызметкерлері мен Ұлттық гвардияның 120 сарбазы жұмылдырылған.

Мороз был, я домой прихожу, упала стена, пробило пол. И вот последствия - это все грибок после затопления.

Надежда Зубко - өткен жылғы тасқын судың зардабын көрген тұрғындардың бірі. Еріген қар суы үйдің ірге тасын шайып, тіпті қабырғасын қисайтып жіберген. Қар құрсауында қалған баспана сайда орналасқандықтан былтырғы сұмдық қайталана ма деп қамығады үй иесі.

Надежда Зубко, Өскемен қаласының тұрғыны:

Көктем басталса болды, мұндағы арықтар арнасынан асып, жер көкті су басады. Күлін осы арыққа төгетін кей көршілеріміз бар. Соны шамамыз жеткенше тазаладық. Ал мына жақтағы аймақ мекемеге тиесілі. Сондықтан біз әкімшіліктен көмек сұрадық.  

Арықты тек күрекпен тазарту мүмкін емес. Қалың түскен омбы қардың биіктігі кей жерде тіпті үймен бірдей. Сондықтан құтқарушылар арнайы кесте құрып, ауыр техниканы шығарған.

Қуаныш Мұқажанов, Өскемен қаласы әкімдігі ТЖ бойынша бас инспекторы:

Қаланың шет жағында осындай ескі үйлер көп. Біз осы аймаққа арнайы техника бөлдік. Бізге төтенше жағдай департаменті мен Ұлттық гвардия алпыс-алпыстан адам бөлді. Қолда бар техника мен қызметкерлер жағдайлы оңтайландыру үшін барын салады.

Өскеменде қазір төтенше жағдай жарияланған 10 аймақ бар. Жалпы 3000-ға  адам тұратын 2000-дай баспана апат алдында тұр. Мамандар осал тұстарды бекітіп, өзен-сулардың деңгейін күнделікті бақылауда ұстап отыр.  

Елдос САПАРҒАЛИ