$480.55 €533.75 ₽5.36
×

18 жастағы жігіттен ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заты тәркіленді

18 жастағы жігіттен ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заты тәркіленді

Қызылордада 18 жастағы жігіттен ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Ол «Қарасора-2024» іс-шарасы барысында қолға түскен. Полицейлер оны тоқтатып тексеру кезінде қол сөмкесі мен қалтасынан 64 дана ақ түсті ерекше иісі бар ұнтақ зат тапқан. Ол қара изолентпен оралып дайындалған екен. Кейіннен жігіттің оларды арнайы орындарға жасырып кетіп отырғаны белгілі болған.

Гүлжахан ҚАЙЫРБЕРГЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Күдіктінің қала аумағында есірткі жасырған 30 нүктесі табылды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген ұнтақтың жалпы салмағы 148,79 грамм «а-пирролидиновалерофенен» психотроптық заттарға жататыны бекітілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу жүргізілуде.