$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«30 мың теңге»: Айжұлдыз Адайбекова бір күндік шығынын есептеді

AstanaTV
24.07.2024ж. 01:27
383
«30 мың теңге»: Айжұлдыз Адайбекова бір күндік шығынын есептеді

Ата-анасынан айырылғандарды қолдағым келеді дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Айжұлдыз Адайбекова бір күнде қанша теңге жарататынын айтты. 

Блогер оқырмандарымен сырласып, бір күнде қанша теңге жұмсайтынын сұрады.

“Мысалы, бір күнде статистика бойынша адам 18 мың – 35 мың теңге аралығында ақша құртады. Менің ойымша орташа есеп: таңғы ас шамамен 2000 теңге, түскі ас 3000 теңге, кешкі ас – фастфуд 4000 теңге. Такси шамамен 6000 теңге (бару-қайту бір күнде), сосын жеке қалауларың бар, киноға бару, кездесу, заттар сатып алу дегендей. Осы 30 мың теңгені басқа қайда жұмсауға болады?", – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.

Еске салайық түрлі жобалар арқылы төбе көрсетіп жүрген актриса жақында анасына құны екі миллион теңге тұратын сөмке сыйлаған еді. Сондай-ақ ақша табу қабілетін әкесінен дарыған қасиет екенін жасырмаған болатын.

“Ата-анасынан айырылғандарды қолдағым келеді. Сіздердегі сағынышты жақсы түсінемін. Бірақ ештеңе жайдан-жай емес. Бәрі – құдайдың бұйрығымен болатын дүниелер. Мінезім, тәуекелшілдігім, ақша табуым әкеме тартқан. Оған сол үшін алғыс айтамын. Қасымда болмаса да, өмір бойы оны, тәрбиесін сезіп келемін. Әке-шешені бағалаңыздар, құрметтеңіздер. Хабарласып, жақсы көретініңізді айтыңыздар", – деп кеңес айтқан еді блогер.