$454.98 €509.53 ₽5.37

Қазақстандықтардың табысы өсе бастады

Қазақстандықтардың табысы өсе бастады

Қазақстандықтардың табысы қайта өсе бастады, ал ең бай және ең кедей азаматтардың арасындағы табыс айырмашылығы біршама қысқарды. Ұлттық банктің хабарлауынша, былтыр халықтың нақты табысы төмендеген еді. Ал 2026 жылдың басынан бері бұл көрсеткіш қайта түзеліп, аз да болса өсім байқалған. Халық арасында ақша жинау үрдісі қалыптасқан. Қазір азаматтардың 20 пайыздан астамы тапқан табысының бір бөлігін жинаққа сақтауға тырысады. Дегенмен, қарыз жүктемесі де қалысар емес. Тұрғындардың несие қайтаруға кететін шығыны табысының 6 пайызына дейін өскен. Адамдардың несие қарызы тапқан айлығына қарағанда тезірек көбейіп жатыр дейді мамандар. 

БЕКЖАН ҚУАНДЫҚОВ, ҚРҰБ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Эксперттік-талдамалық клубтың алтыншы отырысында Қазақстанның 2025 жылғы қаржылық тұрақтылығы туралы есеп таныстырылды. Есепте елдегі макроэкономикалық жағдайға, банк секторы мен микроқаржы ұйымдарындағы кредиттік тәуекелдерге, сондай-ақ өтімділік пен қорландыру тәуекелдеріне талдау жасалған. Отырыс барысында қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін негізгі факторлар қаралып, қаржы секторындағы ықтимал тәуекелдер талқыланды.