$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Олимпиадада қазақстандық спортшыларды қолдайтын бапкерлер мен дәрігерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті

AstanaTV
24.07.2024ж. 18:04
147
Олимпиадада қазақстандық спортшыларды қолдайтын бапкерлер мен дәрігерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті

2024 жылғы Олимпиадада қазақстандық спортшыларды қолдайтын бапкерлер мен дәрігерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті. 

Париж-2024 (Франция) Олимпиадасында Қазақстан командасына 67 бапкер мен құрамына дәрігерлер, массажшылар және психологтар енетін кешенді ғылыми топтың 15 мүшесі қолдау көрсетеді.  

Команданы сүйемелдейтін тұлғалардың саны алғаш рет қатысушылар санынан артып отыр. Қосымша аккредитацияларды қайта жоспарлау кезінде спортшылардың сәтті өнер көрсетуіне тікелей әсер ететін кәсіби мамандар - бапкерлер құрамы мен спорттық дәрігерлерге басымдық берілді.