«Жасыл ел» жасағы елордадағы Өндіріс алабын қоқыстан тазартты. Бұл «Сәтті сәрсенбі» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған ауқымды шара. Оған 100-ден аса жасөспірімдер мен жастар жұмылдырылып, аумақтың айналасын ретке келтірді. Белсенділер 1 тоннадан астам қоқыс шығарды. Жасақ жетекшісінің айтуынша, мұндай шаралар жастарды тазалыққа, еңбекке баулып, қаланының көркеюіне үлес қосады. "Жасыл ел" жасақтары маусым айынан бастап 1000 тоннадан астам қоқыс жинап, абаттандыру жұмыстарын жүргізген.
Асылбек АБДУРАШИТОВ, «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖАСТАР ЖАСАҚТАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫ» ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Жасыл ел» жобасының жастары бұдан да бөлек, қаламыздағы саябақтармен ағаштарға күтім жасап гүлдендіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Акциямыздың мақсаты осы жастарға үлгі көрсету, экологияға деген белсенділігін арттыру.
Темірлан НҰРЕКЕШОВ, «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Мен бірнеше қап қоқыс шығардым. Тастарды және қоқыс, ағаш және арамшөптерді жұлдық. Бұл жердегі жұмыс қатты қиын деп айта алмаймын, оңай деуге де болады. Табиғат біздің анамыз, оны аялау біздің парызымыз