$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Димаш Құдайберген "Singer 2024" ән байқауында тағы өнер көрсетеді

AstanaTV
24.07.2024ж. 23:15
238
Димаш Құдайберген "Singer 2024" ән байқауында тағы өнер көрсетеді

Отандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желідегі суреттерінен бүгіндері Қытайда жүргенін бірден аңғаруға болады. Қытайдың әлеуметтік желісінде атақты жерлесіміздің "Singer 2024" ән байқауына арнайы келгені айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген Қытайдың "Singer 2017" ән байқауында екінші орынға ие болған еді.

Бұл жолы Димаш атақты ән додасының құрметті қонағы ретінде сахнаға шығып, биылғы байқаудың қатысушысы, америкалық әнші, композитор, актриса Шанте Торрейн Мурмен бірге өнер көрсетеді. Шанте, негізінен, джаз әндерін орындайтын әнші.