$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

AstanaTV
25.07.2024ж. 20:00
236
Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Алматыда 9-қабаттағы пәтерден өрт шықты. Төтеншеліктер 2 адамды құтқарып, 6 адамды эвакуациялады. Өрттің шығуына тұрмыстық техниканың апаттық жағдайы себеп болған.

Жанұзақ ЕНДІБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ №17 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚАРАУЫЛ БАСТЫҒЫ:

3 минут ішінде жетіп барлау шаралары кезінде 9 этаждың балконынан расында түтінді байқадық. 3 адамнан құралған бір буын кіріп құтқару жұмыстарына бір мезетте кірісті. 57-59 шамасындағы ер адам мен әйел адамды алып шығылды.