$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылордада жедел желі іске қосылады

AstanaTV
28.07.2024ж. 09:02
261
Қызылордада жедел желі іске қосылады

Қызылордада жатақханамен қамту үшін жедел желі іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жастар ассамблеясы» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Расул Базарханұлы мен өңірлік студенттік омбудсмен Назерке Бекматова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің барлық жатақханаларын аралап, жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді. 

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы жатақханалардың қазіргі жағдайымен таныстырды. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің №3 жатақханасы 260 орынға, ал №5 жатақхана 400 орынға арналған. Одан бөлек «Өркениет», «ДиЛМАШ», «Инкар 7» серіктестіктерінің жатақханаларынан 680 орын бөлінген.

Университеттің №3 және 5 жатақханаларын жаңа оқу жылына дайындау мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мамандар тамыз айының ортасында аяқталатынын жеткізді. Жатақханаларда заманға сай студенттердің жайлы тұрмысы үшін қажетті дүниенің барлығы қамтылған. Асхана, спорт кешені, демалыс бөлмесі керек жабдықпен қамтамасыз етілген. Интернет желісіне қосылып, жастардың бос уақытында тынығуына да, білім алуына да жағдай жасалғанын көріп қуандық, - деді «Жастар ассамблеясы» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Расул Базарханұлы.

Айта кету керек, 1 тамыздан бастап оқу орнының бас ғимаратында «Ахуалдық орталық» өз жұмысын бастайды. Онда университет қызметкерлері студенттер мен ата-аналардың жатақханамен қамту туралы сұрақтарына жауап береді. Студенттер сұрақтарына дер кезінде жауап беру үшін +7 771 297 0373 нөмірінде жедел желі іске қосылады.