Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Францияда президенттіктен үміткерге жұмыртқа лақтырды

AstanaTV
02.03.2017ж. 20:00
1978
Францияда президенттіктен үміткерге жұмыртқа лақтырды

Франциядағы президенттік сайлау додасында көш бастап келе жатқан Эммануэль Макрон қолайсыз жағдайға тап болды. Белгісіз біреудің лақтырған жұмыртқасы оның маңдайына тиген, деп хабарлайды «Интерфакс».

Францияның орталық телеарналары көрсеткен мына кадрларда үміткердің қалай жұмыртқа шабуылына ұшырағанын байқауға болады. Мұны кімнің жасағанын табу мүмкін болмады. Оқиға Макрон Париждегі ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде жүрген кезде орын алған. Кандидаттың өзі «бұл Францияның саяси көрінісінің бір бөлігі» деді.

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын Макронға Париж маңында студенттер жұмыртқа лақтырып, келемеждеген болатын. 

Саламат ОМАШ