Ұлыбританияның лордтар
палатасы «brexit»-ке енгізілген түзетулерді қолдады. Бұл тұманды альбионның
Еуроодақтан шығу процесін одан ары қиындата түспек. Рейтерстің хабарлауынша,
түзетулерді 358 пэр қолдап, 256 адам қарсы болған.
Ағылшын
парламенті жоғары палатасының бұл бағыты Тереза Мэйдің жоспарына кедергі
келтіруде. Ал премьер-министр Еуроодақтан тезірек шығуды көздейді. Процестің
басталуы қауымдық палатаға байланысты болып отыр. Түзетулер күшіне ену үшін
заңды осы төменгі палатаның мақұлдауы қажет. Бұдан бұрын ақпарат құралдары
Тереза Мэй «Брекситті» Еуроодақтың саммитіне қарай бастауды көздеп отырғанын
жазған. Сарапшылардың сөзінше, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына 2 жылға жуық
уақыт кетеді.