6 келіден аса кептірілген марихуана тасымалдаған күдіктілер қолға түсті. Олар Самара-Шымкент тас жолының Қызылорда облысы Арал ауданының тұсында ұсталған. «Nissan Primera» маркалы автокөлікті патрульдік полиция қызметкерлері жылдамдықты асырғаны үшін тоқтатқан екен. Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан 3 үлкен полиэтилен пакетке оралған жасыл түсті зат анықталған. Күдіктелер «Қара сора-2024» іс-шарасы барысында қолға түсіп отыр.
Дархан АЛМАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ РОТА КОМАНДИРІ:
Сараптама қорытындысымен алынған зат 6 кг 260г кептірілген марихуана екендігі нақтыланды. Автокөлікті тізгіндеген 42 жастағы жүргізуші мен жолаушы Ақтөбе облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер УҰИ қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.