$491.71 €529.97 ₽5.05
×

Алматыда машинаның тежегіші мен газды шатастырып алған әйел көлігімен сайға құлап кетті

AstanaTV
01.08.2024ж. 20:00
252
Алматыда машинаның тежегіші мен газды шатастырып алған әйел көлігімен сайға құлап кетті

Алматыда Медеу ауданының таулы аймағында жол апаты болды. Анасы мен қызы пәтерлерінің маңында тұрақтамақ болады. Көлікті тізгіндеген әйел кенеттен тежегіш пен газ батырмаларын шатастырып алады. Осылайша машина алдымен үй қоршауына соғылып, одан соң сайға қарай домалап, құлап кеткен. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Марат АЛМАТОВ, ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Науқас жансақтау бөлімінен орталық қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Қазіргі кездегі жағдайы орташа ауырлықта деп бағаланады. Барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алуда.