$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Павлодарда 12 жасында босанған оқушы сабағын жалғастырады

01.08.2024ж. 20:00
155
Павлодарда 12 жасында босанған оқушы сабағын жалғастырады

Павлодарда дүниеге сәби әкелген 12 жасар оқушы қыз сабағын жалғастырады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлімдеді. Туысынан жүкті болып, босанған оқушы зорлаған жасөспірім психиатриялық ауруханада жатыр. Нақты сараптамалар жүргізілуде.

Насымжан ОСПАНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Павлодарда 12 жасар қыздың босану оқиғасы - өте сирек кездесетін жайт. Бұл ашындыратын әрі алаңдатарлық оқиға екендігі сөзсіз. Фактіні мектеп педагогтары байқап, бірден әрекет жасаған. Психологиялық, медициналық қызметтер жұмылдырылған. Қылмыстық іс қозғалған. Оқиға қыздың үйінде кәмелетке жасы толмаған жақын туысымен арада болған.