$447.73 €502.98 ₽5.35

Беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпау үшін 300 мың теңге талап еткен

Беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпау үшін 300 мың теңге талап еткен
Polisia.kz

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ЖҚАЖ жауынгерлерімен және ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, ақша бопсалау дерегінің жолын кесті, — деп хабарлайды Astana TV.

Алдын ала мәлімет бойынша күдікті күш қолданып және қорқытып, Ақтау қаласының тұрғынынан оның беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпау үшін 300 мың теңге талап еткен.

1 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті талап етілген ақшаның бір бөлігін алғаннан кейін ұсталды. Жеке тінту кезінде одан арнайы белгі салынған ақша табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.