$447.73 €502.98 ₽5.35

Джиу-джитсудан Мариан Журавлева Азиаданың қола жүлдесін алды

Джиу-джитсудан Мариан Журавлева Азиаданың қола жүлдесін алды
ҰОК

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындары аясында джиу-джитсудан жарыстар жалғасуда, деп хабарлайды Astana TV.

63 келідегі  Мариан Журавлева қола медаль үшін белдесуде Иордания спортшысы Майя Ишакатпен кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін джиу-джитсудан Мерей Қабдуллаев (85 келі), Нұржан Батырбеков (69 келі) күміс жүлде және Сейілхан Болатбек (77 келі), Жібек Құлымбетова (48 келі) қола жүлде еншілеген еді.