$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақмола облысында прокуратураның араласуынан кейін 92 жұмысшының еңбекақысы төленді

AstanaTV
01.08.2024ж. 23:08
376
Ақмола облысында прокуратураның араласуынан кейін 92 жұмысшының еңбекақысы төленді

Ақмола облысында прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 92 жұмысшының еңбекақы бойынша берешегі өтелді, - деп хабарлады KAZINFORM. 

Ақмола облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Астрахан ауданының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында жергілікті мемлекеттік мекемеде 92 қызметкер алдында жалпы сомасы 5,2 млн теңгеге еңбекақы бойынша берешек қалыптасқаны анықталды. Бұған қоса, 31 жұмысшыға 3,3 млн теңге көлемінде еңбек демалысы үшін төлем жасалмағаны белгілі болды.

«Қадағалау ақтісі бойынша қарыз толық көлемде өтелді. Мемлекеттік мекеменің басшысы және әкімнің орынбасары жауапқа тартылды. Осылайша, аталған азаматтардың конституциялық құқығы қорғалды», - деді ведомстводан.