$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Құны 200 млн теңгеден асатын 60 тоннадан астам балық өнімі Қазақстаннан заңсыз экспортталған

AstanaTV
05.08.2024ж. 12:38
270
Құны 200 млн теңгеден асатын 60 тоннадан астам балық өнімі Қазақстаннан заңсыз экспортталған

Қаржылық мониторинг агенттігі балық өнімінің «көксерке филесі» аса ірі мөлшерде контрабандасы фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тергеу барысында 2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін мекеме басшысы заңсыз ауланған балықты сатып алып, оны кейіннен Еуроодақ елдеріне экспорттағаны анықталды. Бұл ретте экспортқа рұқсат беру құжаттарын алу үшін балықты қолдан өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығынан тауардың шығу тегі туралы жалған құжаттар алынған», — делінген хабарламада.

Сот үкімімен күдіктіге сатылған балық өнімінің кедендік құнын мемлекет кірісіне өндіріп ала отырып, 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.