Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Нұр Отан» партиясы мен СЖҚСҚ агенттігі өзара ынтымақтастық туралы Жол картасын қабылдады

AstanaTV
03.03.2017ж. 20:00
2400
«Нұр Отан» партиясы мен СЖҚСҚ агенттігі өзара ынтымақтастық туралы Жол картасын қабылдады

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлармен күресу мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Бұл жағымсыз құбылыспен ымырасыз күрес жүргізуге барша қоғам мүшелері белсенді атсалысуы керек. Астанада «Нұр Отан» партиясы мен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі өзара ынтымақтастық туралы Жол картасын қабылдады. Тиісті құжатқа саяси ұйымның хатшысы Қаныбек Жұмашев пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев қол қойды.

Жол картасы мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға негізделген. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының 2015-25 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын орындауды мақсат етеді. Партия хатшысы Қаныбек Жұмашев атап өткендей, «Нұр Отан» партиясы құрылған күннен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты күрес жүргізіп келеді. Қоғамда сыбайластыққа табанды қарсылық қалыптастыру аса маңызды. Құжатқа сәйкес, 2017 жылы білім, тұрғын үй қатынасы, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғау салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізу көзделген. Басым бағыттар әрдайым партияның бақылауында болады.