$479.23 €534.96 ₽5.16
×

Ақтөбеде есірткі сатушылар 10 жылға сотталды

05.08.2024ж. 20:00
160
Ақтөбеде есірткі сатушылар 10 жылға сотталды

Ақтөбеде есірткі сатушылар 10 жылға сотталды. Көктемде полиция қызметкерлері бау-бақша ұжымы ауданында жедел іс-шаралар өткізу барысында автокөлікті тоқтатқан. Жүргізуші мен жолаушыдан жедел қызметкерлер 2 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіледі, ал автокөліктен 90 грамға жуық “синтетика” тәркіленді. Сонымен бірге ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер 7 грамнан астам есірткі затын тауып, тәркіледі. Алынған синтетикалық есірткі заттарының жалпы салмағы 99 грамнан асты. Есірткі құралдарын заңсыз сақтау және тасымалдау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары жүргізілді. Сот екі күдіктіге де 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.