$493.85 €519.04 ₽4.97
×

Астанада Ташкенттің мәдениет күні өтуде

07.08.2024ж. 20:00
567
Астанада Ташкенттің мәдениет күні өтуде

Елордада Ташкенттің мәдениет күні аталып өтуде. Шара аясында көрші елдің танымал өнерпаздарының қатысуымен жанды дауыстағы концерттік бағдарламалар, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, спорттық жарыстар мен ойындар ұйымдастарылды.

Шохрух НОСИРОВ,ТАШКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Екі ел Президенттерінің бастамасымен Казақстан мен Өзбекстан арасындағы карым-катынас одан әрі нығая түсті. Казіргі іс-шараның өзі соның бір көрінісі.

Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі өзбек тағамдарының дәмін татты. Ташкенттің ең танымал тағамы - той палауына қызығушылық танытқандар көп болды. Одан бөлек, астаналықтар нарын, кауап, самса секілді көршінің ұлттық тағамдарының жасалу әдісін сұрап, ауыз тиді.

Баян ШОНҚАЛОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бүгінгі мына Ташкент Мәдениеті күні құтты болсын!Достығымыз ұласа берсін!Өте қуаныштымыз осы өзбек ағайындарымызға.Келіп мына өздерінің дәстүрлерін мына дастархандарын жайып астарын жасап,әндерін шырқап қуантып жатыр.

Салтанат МҰҚСИМОВА ,АСТАНА ҚАЛАСЫ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Ташкент күні Еліміздің жүрегі,Астананың төрінде өздерінің өнерлерін паш етуде.Өздерінің көрмелерін ,одан қалса ұлттық тағамдарын барлығын бізге көрсетуде Өзіміздің бауырласымыз өзбек халқы бүкіл өнер адамдарымен келді.Кешке өнерлерін көрсетеді.Олар дайындық үстінде.500 дей адам келді

Ия Өзбекстан бай тарихы ,бірегей мәдениеті және қонақжай адамдары бар ел. Дәстүрін ұлықтаған бүгінгі жәрменке-ұлттық мәдениетінің негізі болып отыр. Бүгінгі күн соның бір айғағы.