$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Шавкат Мирзиёев «Алтын Қыран» орденімен марапатталды

AstanaTV
08.08.2024ж. 14:29
238
Шавкат Мирзиёев «Алтын Қыран» орденімен марапатталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

Өзбекстан басшысы елдеріміз арасындағы достық пен қарым-қатынасты дамытуға зор үлес қосты. Осыны ескере отырып, мен Шавкат Мирзиёевке мемлекеттің ең жоғары марапаты «Алтын Қыран» орденін беруді ұйғардым, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті бұл бүкіл халықтың ерекше құрмет белгісі екенін атап өтті.

«Алтын Қыран» – Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежедегі ерекшелік белгісі.