$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ауыр техника тиеген жүк көлігі LRT-ға соғылды

09.08.2024ж. 20:00
613
Ауыр техника тиеген жүк көлігі LRT-ға соғылды

Астанада жүк көлігі LRT-ға соғылып, құрылыстың бір бөлігін қиратып кетті. Арнайы техника тиеген фура жүргізушісі габаритін есепке алмай, апатқа ұшыраған. Салдарынан үш жаяу жүргінші зардап шекті. Қазір оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

БАУЫРЖАН ТОҚЖҰМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ӘКІМШІЛІК ТӘЖІРИБЕ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Жаяу жүргіншілер әртүрлі дене жарақаттарын алған. Ол азаматтарды медициналық мекемеге жеткізіп, дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді. Жүргңзушінің жағдайы жақсы. Қандай да бір дене жарақатын алған жоқ. Конструкциясы жаңағы құлады ғой. Құлады. Яғни жаңағы қандай да бір шығын келтірілді. Қазіргі таңда тексеріс жүргізіліп жатыр.