$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

AstanaTV
10.08.2024ж. 14:42
210
Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің, ұлттық қолөнердің және Тәжікстанның ұлттық тағамдарының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде жаңа піскен жеміс-жидек, көкөніс, табиғи бал, жаңғақ, кептірілген жеміс, түрлі дәмдеуіштер және т.б. бар. Сондай-ақ, ұлттық қолөнер бұйымдарын – былғарыдан, керамикадан, ағаштан жасалған бұйымдар, қолдан тігілген кілемдер, кәдесыйлар сатып алуға болады.

Іс-шарада елорда тұрғындары мен қонақтары сол сияқты жаңа өнімдер, кәдесыйлар мен қолдан жасалған бұйымдар, дәстүрлі тәжік тағамдарын сатып ала алады.


Жәрмеңке «Барыс-Арена» спорт кешеніне іргелес аумақта 10 тамыз күні сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін, 11 тамыз күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл туралы  BAQ.KZ жазады.