Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қазақ-түрік лицейлерінің атауы өзгереді

AstanaTV
07.03.2017ж. 20:00
2949
Қазақ-түрік лицейлерінің атауы өзгереді

Қазақ-түрік лицейі Түркия білім министрлігінің басқаруына берілетіні рас па? Бүгін Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бүгінде ол "Білім-инновация лицейі" деп аталады. Ол толықтай қазақстандық оқу орны және өз жұмысын бұрынғыдай жалғастыра береді, делінген министрлік таратқан хабарламада. Қазақ-түрік лицейі Түркияның білім министрлігінің басқаруына беріледі деген мәлімдемені бұған дейін Қазақстандағы Түркия елшісі Невзат Уянык айтқан болатын. Білім және ғылым министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесе отырып осы мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасамақ. Ал азаматтардың алаңдауына еш негіз жоқ,-дейді ресми орган.

Еске салайық, Анкара Астанадан "гюлендік" оқу орындарын жабуды сұраған болатын. Бірақ, қазақ-түрік лицейлері өз жұмысын жалғастыра береді деген жауап алды. Анкараның ресми өкілдері аталған білім беру мекемелері түркиялық оппозиционер Фетхуллах Гюленнің бастамасымен құрылған деп есептейді. Көрші ел президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-та тұрып жатқан Гюленді 15 шілдеде ұйымдастырылған әскери бүлікке қатысы бар деп айыптаған.