$524.24 €612.94 ₽6.68
×

М.Әбілязов пен оның сыбайластарының ісі сотқа жөнелтілді

AstanaTV
07.03.2017ж. 20:00
2430
М.Әбілязов пен оның сыбайластарының ісі сотқа жөнелтілді

БТА банкінің экс-басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық іс сотқа тапсырылды. Бұл туралы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі жазбаша ақпарат  таратты. Онда 3 наурыз күні прокуратура Әбілязовқа қатысты қылмыстық істің зерттеу қорытындысы бойынша банктің бұрынғы бірінші орынбасары, несие комитетінің төрағасы Жарымбетовке және несие жөніндегі директоры Садықов пен басқарма басшысы Мамешке айыптау актісін бекіту туралы шешім шығарған. Аталған айыптау құжаты қолхат арқылы қылмыстық іс қозғалғандардың барлығына, сонымен қатар БАҚ өкілдері арқылы шақыртуға құлақ аспаған соң, Әбілязовтың қорғаушысына да тапсырылған.

Айта кетейік, ақпанның басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы қашқын банкирді Астанаға тергеуге шақырған болатын. Бірақ айыпталушылардың ешбірі қара көрсетпеді. Франция соты Әбілязовты өткен жылдың желтоқсан айында бостандыққа жіберген болатын. Ал, Қазақстан билігі Әбілязовті "банктің миллиардтаған қаржысын жымқырды" деп айыптап отыр.