Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Өскеменде былғары бұйымдарын жасайтын алғашқы шеберхана ашылды

AstanaTV
07.03.2017ж. 20:00
3470
Өскеменде былғары бұйымдарын жасайтын алғашқы шеберхана ашылды

Шығыс Қазақстандағы былғары бұйымдарын жасайтын алғашқы шеберхана Өскеменде ашылды. Осы игі істі қолға алған Наталья Кузьмина «Астана» телеарнасына берген сұхбатында өңірде қазақтың ұлттық дәстүрін қайта жаңғыртпақ ниетін білдірді. Қазір ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуға кіріскен шебер шетелдік қонақтарды өз бұйымдарымен тәнті қыларына сенімді.

Сейчас буду шить на машине, очень важно, пользуясь современной техникой.

Бұрын осы бұйымдарды қолымен тігіп бейнетке түскен Наталья өзінің қажетті құралдарын түгелдей жаңалап алды. Енді осы машинамен кез-келген былғарыға жан бітіруге болады. Қолөнермен 18 жасынан әуестенген Наталья интернет ақтарып, кітапханаға барып, білім жинайды. Кейін былғарының берік әрі қолайлы материал екеніне көзі жетіпті.

Наталья Кузьмина, былғары шебері:


Басында әдемі бұйымдарды жасағым келетін. Кейін терінің табиғи материал екендігін, оның жылу өткізбейтін қасиетін және қолдануға ыңғайлы екендігін аңғардым.

Туған өңірдің тарихы туралы жаңа кітаптарды оқитын Наталья басқа өлкелерге де саяхаттап тұрады. Түркістандағы сапарынан үлкен шабытпен оралған ол "Көшпенділер" коллекциясын өмірге әкелді. Былғарыдағы тігістің жымын білдірмейтін оның қолынан шыққан бұйымдардың барлығы да көз тартады. Енді бұл істі өзгелерге үйретуді көздеген ол Шығыс Қазақстанда алғаш шеберхана ашты. Қазір мұнда Италия мен Ресейден әкелінген былғарының 300-ден астам түрі бар. Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне арнайы шақырту алған Наталья өз туындыларын меймандар назарына ұсынбақ.

Наталья Кузьмина, былғары шебері:

Шығыс Қазақстанның атынан шығатыныма қуаныштымын. Өйткені бізде қолөнер шебері жоқтың қасы. Бұл істің үлкен жауапкершілікке толы екендігін түсінемін. Бірақ алға қойған мақсатым айқын. Сондықтан қиындықтан қорықпаймын.

Шебердің қолы ортақ, осы тәмсілді ұстанған Наталья өз туындыларының халық көңілінен шығарына сенімді.

Ирина ЯКУНИНА