Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша,1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,27 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 478, 91 теңге.
Ұлттық банктің 16 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 478, 64 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,40 теңге. Еуро – 526,92.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 478, 9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 481, 3 теңге. Еуро 524 – 528 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 477 теңге, сатып алу құны – 481 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,25 – 5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.