$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Алматы-Сочи әуе рейсінде шу шығарып, дөрекі сөздер айтқан мас әйел ұсталды

AstanaTV
17.08.2024ж. 06:42
162
Алматы-Сочи әуе рейсінде шу шығарып, дөрекі сөздер айтқан мас әйел ұсталды

Халықаралық әуе рейсінің мас жолаушысы тәртіп бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы-Сочи бағытындағы әуе рейсінің 29 жастағы жолаушысын анықтап, ұстады.

Әйел кісі әуе рейсіне отырғызу кезінде мас күйде болып, өзін дөрекі ұстап, әуе компания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан.

«Ол ескертулерге құлақ аспады. Сондай-ақ полиция бөлмесіне жеткізу кезінде тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынған жоқ», - деп хабарлады полиция.

Көлік полицейлері құқық бұзушыға қатысты қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырып, материалды сотқа жолдады.

Айта кету керек, бұл азаматша бұған дейін бір жыл ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.