$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақмола облысында әйеліне қол көтерген ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды

AstanaTV
17.08.2024ж. 09:00
258
Ақмола облысында әйеліне қол көтерген ер адам қоғамдық жұмысқа тартылды

2024 жылдың тамыз айында Степногорск қалалық соты тұрғындардың қатысуымен жария сот отырысын өткізді. Сотталушы «К.» 2024 жылдың маусым айында бұрынғы жұбайымен жанжалға түсіп, басының маңдай тұсынан соққы берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Степногорск қалалық сотына сілтеме жасап.

Сот барысында «К.» өз кінәсін толық мойындады, ал оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен расталды. Сот үкімімен «К.» Қылмыстық кодекстің 108-1-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

«Сот үкіміне сәйкес, «К.»-ге күніне 4 сағаттан аспайтын, негізгі жұмыс орнындағы еңбек міндеттерін орындаудан немесе оқудан бос уақытта 40 сағаттық қоғамдық жұмыс атқару жазасы тағайындалды. Айта кету керек, бұл үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.