$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Тарихи сәт! Қазақстандықтар президенттің 1 күндік жеке мобилографы бола алады

AstanaTV
17.08.2024ж. 13:00
271
Тарихи сәт! Қазақстандықтар президенттің 1 күндік жеке мобилографы бола алады

Қазақстандықтар президенттің 1 күндік жеке мобилографы бола алады. Ол үшін арнайы байқаудан өту қажет. Бұл туралы белгілі мобилограф Қыран Талапбек хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қыран Талапбектің сөзінше, ең жас және креативті мобилограф президенттің 1 күндік жеке мобилографы бола алады. Бұл жаңа кәсіп еліміздің тарихын жасайтын - тарихи кезең.

"Құрметті,ханымдар мен мырзалар, барлық шәкірттеріміз бен мобилографтар, контентмейкерлер! ВИДЕОЛАРЫҢЫЗДЫ ТИКТОК және Инстаграмға #nomadgamesfestсалыңыз.

Көшпенділер ойындарына арналған ең креативті промо-ролик түсіріп, оны әлеуметтік желілерге, WhatsApp, Telegram-ға #nomadgamesfest хештегімен жариялаңыз. Бұл - сіздің өзіңіздің қабілеттеріңізді көрсетіп, керемет сыйлықтар ұтып алатын мүмкіндігіңіз!", - дейді Қыран. 

Жеңімпазға қандай сыйлықтар беріледі? 

Гран-при:

Президенттің жеке мобилографы болу,

iPhone 15 Pro Max,

MOBILOGRAPHY BOX (жарық, микрофон),

+ 1 000 000 теңге

Екінші орын - 1 000 000 теңге.

Үшінші орын- iPhone 15 Pro Max.

Төртінші орын- 500 000 теңге.

5-15-орындар- MOBILOGRAPHY box (жарық және микрофондар).

16-20-орындар - Мобилография курсы (онлайн оқу).

21-100-орындар- Жеке мадақтамалар.

101-150-орындар - Арнайы сертификаттар.

Бөлек 50 орын.

Сіздің видеоңыз әлеуметтік желіде 100 000 қаралым жинаса - 50 000 теңге сыйлыққа. (TikTok, Instagram).

Қатысушылар 1 қыркүйекке дейін қабылданады, ал жеңімпаздар 9 қыркүйекте анықталады.