1 шілдеден бастап Қазақстанда конституциялық өзгерістер күшіне енеді. Оларды іске асыру және заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері Әділет министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – ұлттық құқықтық жүйенің алдағы даму бағытын айқындайтын жаңа Құқықтық саясат тұжырымдамасы болды. Бұл құжат қолданыстағы заңнаманы жаңартылған конституциялық нормалар мен қағидаттарға сәйкестендіруге бағытталған.
ЖАНАР ЖІГІТЕКОВА, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ЗАҢНАМА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бұл өзгерістерді қазақстандықтар анық сезінеді. Ең алдымен, жаңа Конституция азаматтардың құқықтарын бекітіп қана қоймай, олардың барлық мемлекеттік органдар тарапынан қамтамасыз етілуіне кепілдік береді. Бұл – азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік құқықтарына қатысты маңызды өзгерістер. Сонымен қатар, жаңашылдықтардың бірі ретінде азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесінің конституциялық деңгейде бекітілуін атасақ болады.