$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

AstanaTV
19.08.2024ж. 20:00
275
Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Алматыда «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жолы «Медеу табиғи паркінің» өзен бойы аумағында тазарту жұмыстары жүргізілді. Кезекті сенбілікте «AMANAT» партиясының мүшелері мен ерікті жастардан құралған топ белгіленген аймақты қажетсіз қоқыстардан түгелдей тазартып, межелі міндеттерін сәтті атқарып шықты. Партия белсенділерінің айтуынша, апта сайын өткізілетін сенбіліктердің арқасында Алматының экологиялық жағдайы едәуір жақсарып келе жатыр.

Татьяна САГАНДЫКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

«Таза Қазақстан» науқаны адамдарды өз қаласына махаббатпен қарап, үнемі тазалық пен ұқыптылық ұстануға үйретеді. Жастарға қаланың әдемілігін сақтаудың қандай маңызды екенін осылай көрсетіп жатырмыз деп ойлаймын. Қазіргі таңда прогресс бар. Көпшілік қалдықтарды қоқыс жәшігіне тастап, ластанудың алдын алып жүр. Яғни, олар қала тазалығының маңыздылығын түсіне бастады. Бұл жақсы көрсеткіш десек те болады.