Елордада «Қазақстан кинологтар одағының» ұйымдастыруымен «Қазақы тазы» моно тұқымдық көрмесі мен байқауы өтті. Халықаралық алаңда ұйымдастырылған ауқымды шарада отандық әрі шетелдік сарапшылар ұлттық тұқымның үздік өкілдеріне арнайы сараптамалық баға берді. Көрме аясында тазылардың тұқымдық сапасы тексеріліп, талапқа сай келетін тазыларға халықаралық үлгідегі арнайы куәліктер берілді. Бұл құжат итті ресми асылдандыру жүйесіне енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, куәлік арқылы тұқымның ұрпақтан-ұрпаққа дамуын бақылауға болады.
БАУЫРЖАН СЕРІКҚАЛИ, ҚАЗАҚСТАН КИНОЛОГТАР ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Шет елге де барып жүрміз әлем чемпионаттарына. Онда біздің мақсатымыз - жүлде алып, біздің тұқымымызды таныстыру болса, бұл іс-шараларда, мұндай моно тұқымды көрмелерде мына мемлекеттік стандартқа, кинологтар одағының стандарттарына иттердің сәйкестігі тексеріліп, тиісті баға қойылады. Сол бағаның негізінде асылдандыру жұмысы жүргізіледі.