Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйок пен барша мажар халқын ұлттық мерекесі – Әулие Иштван күнімен құттықтады.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, стратегиялық серіктестік барлық сала бойынша жүйелі әрі нәтижелі түрде одан әрі дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйоктың барлық игі бастамасына табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке тіледі.