7-наурызда Бішкекте Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы өткен. Тоқталатын детальдар бар. Алдымен Беларусь премьері Андрей Кобяковтың айтқаны. Ол интеграциялық процестерден нәтиже көрмей отырғандарын баяндады.
«Еуразиялық одақ туралы жаңалықтар
газеттердің бірінші бетіне шығып жатады, бірақ еуразиялық интеграцияның бас
шайқатар табыстары өкінішке қарай, көрінбейді», - деді ол. Кобяков
президентінің – Лукашенконың Еуразиялық экономикалық одақтың желтоқсан айында
өткен САММИТіне қатыспағанын еске алып, «Ресей Федерациясымен арадағы
қатынастарға байланысты салмақты себебі бар, екіжақты нормативті база
орындалмайды», - деді. Беларусь үкімет басшысы «екіжақты қатынастардағы
проблемалар көпжақты интеграциялық процестердегі қатысуымызға да әсер етеді»
дегенді де қосты.
Ресейдің үкімет
басшысы үндемей отырсын ба. Ол өздерінің «сүйікті газ темасы» арқылы жауап
берді. Дмитрий Медведев «сүйікті әдістерін» еске салды.
Дмитрий Медведев, РФ үкімет төрағасы:
Осында қатысып отырған кейбір елдер Одақтың мүшесі болмағанда немесе Одақтан шығып кетсе, онда газды еуропалық бағамен алар еді. Мың текше метрі үшін 200 доллар төлейді. Әңгіме осы-ақ.
«Кейбір елдер» деп
отырғаны Беларусь екені түсінікті. Минск үшін Мәскеу беретін газ бәрібір
қымбат. Бағасын ылғи түсіргісі келеді. 2016 жылдың соңында А.Лукашенко Кремльге
қаратып кезекті рет «қатқыл» әңгіме айтқан.
Ал Ресей үкімет
жетекшісінің осы аптадағы мәлімдемесінен кейін тағы «шоршып» түсті.
Александр Лукашенко, Беларусь президенті:
Меня больше всего удивили заявления моего закоренелого друга Медведева. Мені бәрінен бұрын ескі досым Медведевтің мәлімдемесі таңғалдырды. Бізді әдеттегідей, табиғи газды еуропалық бағамен сатып аласыңдар деп қорқытып бастайды. 150 емес, 200 доллардан деп. Бұл Ресейдің арқасында өмір сүріп отыр деген ишара.
Мұнан әрі Лукашенко «Медведев түсінуі керек, біз газды еуропалық бағамен сатып алатын болсақ, олар да «бірнәрселер» үшін төлейтіндерін. Және ол «бірнәрселер» табиғи газдың бағасынан да қымбат», деген. Оның пайымынша, Беларусь пен Ресей қарым-қатынастары бухгалтерия емес.
Александр Лукашенко, Беларусь президенті:
Если кто-то из умников там думает, что нас можно
постоянно наклонять и ставить на колени, этого не будет.
«Ескі достардың»
осындай көнермейтін пластинкалары бар...