$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Теміртауда бір бөлімнің әскери қызметшілері жаппай ауруханаға жатқызылды

AstanaTV
21.08.2024ж. 07:19
194
Теміртауда бір бөлімнің әскери қызметшілері жаппай ауруханаға жатқызылды

Қарағанды облысындағы 5516 әскери бөлімнің әскери қызметшілерінің жаппай ауыруын Қазақстанның Ұлттық ұланы растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық ұланның мәліметінше, 18 тамызда Теміртау қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші жатқызылды, оның ішінде 31 адамға «жіті ішек инфекциясы» диагнозы және 5 адамға «жіті респираторлық вирустық инфекция» диагнозы қойылды. Эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар жүргізілгені атап өтілді.

«Бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта ошақ локализацияланған, жаңа өтініштер тіркелген жоқ», - деп түсіндірді ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

 Бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.

 Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде Теміртауда орналасқан 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін жаппай госпитализациялау туралы жарияланым пайда болды.