$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында “Бір ауыл- бір өнім” көрме- жәрмеңке өтті

21.08.2024ж. 20:00
305
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында “Бір ауыл- бір өнім” көрме- жәрмеңке өтті

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында тұңғыш рет “Бір ауыл- бір өнім” көрме - жәрмеңке өтті. Онда 30 дан астам кәсіпкер ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары мен ауылшаруашылық өнімдерін ұсынды. Анар Құрманова- Жаңаарқа ауданы Ақтүбек ауылының тұрғыны. 7 жылдан бері отбасымен ұлттық сүт өнімдерін заман талабына сай өңдеп өндіріп отыр.Шоколадты жент, қызыл ірімшік, талқаны мен құрты дәмді, әрі таза табиғи тағам. Өнімдерін Астана, Қарағанды қалаларымен қоса Дубай мен Стамбулға тасып жүрген жерлестері бүгін жәрмеңкеде білді.

Анар Құрманова, КӘСІПКЕР:

Ең популярныйы - мына менің қолымда ұстап тұрған жентіміз, сапасы өте жоғары деп айтуға болады.Сосын жеткізу мерзімі екі тәулікке дейін жетеді, қазір ұшақ та, автобус та бар. Әрине егер де райондық,облыстық болсын үлкен деңгейде біздей кәсіпкерлерді қолдап жатса оны нарықтық экономикаға үлкен мөлшерде жіберуге біздің ойымызда бар.

Жәрмеңкенің мақсаты да Анар секілді кәсіпкердің экспортқа шығуына мүмкіндік беруді көздейді.”Бір ауыл- бір өнім” жобасы “Мен кәсіпкер” ауылды дамыту бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Арнайы құрылған комиссия алдымен үздік ондықты, оның ішінен жеңімпаз үштікті анықтайды. Сөйтіп олардың өнімдерін брендтеп, экспортқа шығаруға көмектеседі. Ол үшін мемлекеттен тегін қайтарымсыз гранттар қарастырылған.

Гүлмира ҚАЖЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

“Осы көрменің үздіктері, оның ішінде ондық таңдалады. Бренд комитет жұмысын жасап үш жеңімпаз тағайындайды. Сол үш жеңімпаз ұлттық реестрге кіреді. Олардың өнімдері сертификаттауға, брендтеуге,маркетологическое сопровождение болады”.

Мұндай мүмкіндік қолөнершілерге де берілуі мүмкін. Мәселен, Ескене ауылының тұрғыны Дауылбай Мұздарапов аң, жануарлардың терісінен жасаған бағалы бұйымдарымен келген. Түлкі тымақ, ер- тұрмандары, әсіресе мотоцикл чехол қаптамалары ерекше сұранысқа ие,- дейді.

Дауылбай МҰЗДАРАПОВ, ҚОЛӨНЕРШІ-КӘСІПКЕР:

"Мынау даланың түлкісі алып келеді, өзім илеп өзім тымақ тігіп берем.Мынау ашылады, қамшылар, жүгендер. Қолөнерімізді дамытсақ деген келешек ұрпаққа сондай үлгімен, өнермен келдік".

Жәрмеңкеде дәмі тіл үйіретін тағамдар мен асыл мұра - ұлттық бұйымдар ғана емес, құрылыс материалдары да ұсынылған. Тұрғындар ауылда отырып- ақ әлемді бағындырып жүрген жерлестеріне тәнті болды.

Болат ҚАЙРАНБЕКОВ, ЖАҢААРҚА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

"Жақсыны көрмекке дейді. Былай арамызда жүрген адамды адам біле қоймайды. Сөйтсек, өнер халықтан" көз тоймайды, ырза болдым.Жастардан шығып жатыр, осыларға қолдау болса болса, демеу болса деген тілек бар".

Ұлытау облыстық кәсіпкерлер палатасы мұндай көрмені барлық ауданда өткізуді жоспарлап отыр. Үздіктер ұлттық экономика министрлігінің тікелей қолдауы мен сүйемелдеуімен әлемдік нарыққа шыға алады.