Қарағандыда “AMANAT”партиясының ұйымдастыруымен шахмат турнирі өтті. Интеллектуалдық сайысқа облыстағы бастауыш партия ұйымдарынан 60 тан астам шахматшы қатысты. Олар - медицина қызметкерлері, мұғалімдер, спортшылар мен коммуналдық қызметкерлер. Араларында жастармен қатар қариялар да бар. Барлығын шахматқа деген қызығушылық біріктіреді. Ақыл- ойды дамытатын пайдалы турнирді Қарағанды облыстық шахмат федерациясы да қолдаған. Жарыста «Қазақстан Темір жолы» мен «Ардагер 2012» және «Техникалық университет» командалары жүлделі орындарды жеңіп алды. Үздіктерге арнайы грамоталар мен сертификаттар табыс етті.
Абай ХАЛЫҚОВ, ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
“Осындай шаралар шахматты дамытуға серпін береді, деп ойлаймын. Өйткені,шахмат деген ол өте пайдалы, өте маңызды, адамның миына, адамның қабылетіне. Өзім шахматты жақсы көремін.Сондықтан әсіресе жастарды, жас балаларды шахмат ойнауға шақырамын”.