$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Ұлытау облысында тәулігіне 4 тонна ет өнімін шағаратын алып комбинат іске қосылмақ

22.08.2024ж. 20:00
387
Ұлытау облысында тәулігіне 4 тонна ет өнімін шағаратын алып комбинат іске қосылмақ

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында тәулігіне 4 тонна ет өнімін шағаратын “Ұлы дала” алып комбинаты іске қосылмақ. Онда күніне 50 сиыр, 200 қой сойылып, қайта өңделеді, деген жоспар бар. Сөйтіп жартылай фабрикаттар мен консерв өнімдері жасалады. Ол үшін арнайы цехтарға Америка, Қытай және отандық қондырғылар сатылып алынған. Кәсіпорынның жалпы құны- 1 млрд 265 млн теңге. Барлық қаражатты кәсіпорын өз есебінен шығарған.

Бейбіт ҚАСЕНОВ, "ҰЛЫ ДАЛА" ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

"Суткасына 4 тонна өнім өндіреді. Бұл жерде жаңағы сиырдың еті, қойдың еті. 30 тонналық тоңазытқыш бар. Қосымша пельмен, басқа да түрлерін өндіріп, қораптарын жасап дүкенге шығарып тауар айналымын үлкейтсе деген ойымыз бар".

Аудандық кәсіпкерлік бөлімі мамандарының айтуынша, ет комбинатының өңірге пайдасы зор. Жұмыссыздық мәселесін шешуге, ауылшаруашылығын дамытуға септігін тигізеді. Ең алдымен ондаған ауыл халқының тұрмысын жеңілдетеді. Шаруа қожалықтары мен қарапайым тұрғындар малдарын сату үшін бұрынғыдай шалғайдағы қала базарларына сандалмай, осы кәсіпорынға тапсыра алады.

Өмірзақ УӘЛИЕВ, ЖАҢААРҚА АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

"Өздеріңіз білесіздер шаруалардың өсірген малдарын өткізетін нақты тұрақты орын болмағандықтан малды одан арықарай дамытуға мал шаруашылығын өзінің бір кедергі болған болатын. Осы комбинат іске қосылған жағдайдашаруалар, жекелеген азаматтар өздерінің малдарын осы жерге өткізіп қолма- қол ақшаларын алатын болады".

Бейбіт ҚАСЕНОВ, "ҰЛЫ ДАЛА" ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

“Тұрғындар бәрі бізде мал ұстайды. Бізде енді малшаруашылық аудан. Бұлар енді базарға апарады, тұрады таңертеңнен кешке дейін. Ал енді мына жер дайын тұратын болса келіп осында өткізеді. Оның пайдасы өте жақсы. Бізде басқа өңірлер бар. Осы жұмыс істеп кетсе, тұрғындарға да шаруаларға да бір мәселесін шешеді деген ойдамыз”.

Былтыр ғана құрылысы басталған үлкен кешен қыркүйек айында жұмысқа кіріспек. Жергілікті әкімдік шығарылған өнімдерду сату орындарын ұйымдастыруға көмектесеміз, деп отыр. Жаңаарқа ауданында жақын арада тағы бір өндіріс, алтын және күміс қоспаларын шығаратын кеніш ашылмақшы. Бұл жобалар 7 жүзден астам адамды жұмыспен қамтиды.