Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Өскемендік кәсіпкерлер демеуқаржы алу үшін араны жануар деп көрсеткен

AstanaTV
13.03.2017ж. 20:00
2210
Өскемендік кәсіпкерлер демеуқаржы алу үшін араны жануар деп көрсеткен

Көпшілік күтпеген оқиға. Бал арасы бұдан былай жануарлар қатарына кіреді. Мұндай мәлімдемені Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері жасады. Жәндіктің статусын өзгерту демеуқаржы алу мақсатында жасалған.

2016 жылы облыстық әкімдік омарташылықты дамыту үшін 150 миллион теңге бөлген. Бірақ ара өсірушілер оны ала алмаған. Себебі ара жануарлардың тізімінде жоқ. Сондықтан субсидия қарастырылмаған. Амалы құрыған, омарташылар, еріксіз осындай қадамға барады. Ресми құжатқа аталған өзгеріс енгізілген соң, тиісті қаражат жыл сайын қарастырылатын болған. Осылайша, жануарлар әлемі, толыққанды заңды болмаса да, жаңа түрмен толықты.

Игорь Шацкий, ШҚО өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры:


Субсидиялаудың ережелерінде марал мен ара жануар деп анықталмаған. Олардың дәл сол сәтте қай санатқа жататыны нақтыланбады. Бізде ара да жануарлар қатарына жатады, жалпы айтқанда, сүтқоректі деп растап берді. Демеуқаржы жеке ара басына  емес, бір балұяға беріледі.