Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Сирияда 1300-ге жуық елді мекен келісімге келу режимін құптаған - ҚР СІМ

AstanaTV
14.03.2017ж. 20:00
2031
Сирияда 1300-ге жуық елді мекен келісімге келу режимін құптаған - ҚР СІМ

Елордада Сирия бойынша Астана келіссөздерінің үшінші жиыны басталды. Әдеттегідей, бұл шара жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Әзірге тек күн тәртібі ғана белгілі. Бұл туралы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.

Оның сөзінше, Астана келіссөздері басталғалы, оқ атпау туралы келісімге келген топтардың саны едәуір артқан. Келіссөзде әскери тұтқындар туралы ақпарат алмасатын топтар құру мен ЮНЕСКО қорғауындағы мәдени ошақтарды минадан тазарту мәселелері талқыланып жатқан көрінеді. Сирияның оппозиция өкілдері бұл жолы Астанаға келмеді. Олардың пікірінше, «келісімге келу» шарты толық жүзеге асып жатқан жоқ. Сондықтан "Келісім созылуы мүмкін" деген болжам да айтылды. Министр Әбдірахманов техникалық тұрғыда дайынбыз деп отыр. Еске салайық,  Астана кездесуі екі күнге жоспарланған.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Қазіргі кезде бізге белгілісі, 1300-ге жуық елді мекен келісімге келу режимін құптаған. Олардың саны бірінші кездесуде 15 шақты ғана болған. Ресей тарапының мәліметіне сай, қазір бұл сан әлде қайда ұлғайды. Бүгінде  60%-дай қарулы топ келісімге келу режимімен қамтылған.