Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жұмыссыздар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне өту үшін жылына 14 мың теңге төлеуі тиіс

AstanaTV
14.03.2017ж. 20:00
2919
Жұмыссыздар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне өту үшін жылына 14 мың теңге төлеуі тиіс

Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты мәселелер мәжілісте де сөз болды. Жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандар жылына 14 мың теңге төлеп, осы жүйеге тіркеле алады. Олай етпеген жағдайда, ақылы дәрігерлік көмекке жүгінуге мәжбүр болмақ.

Жұмыс берушілер биыл шілдеден бастап, медициналық сақтандыру қорына 1 пайыз жарна аудара бастайды. Келесі жылы 1,5 пайыз, 2020 жылы екі, 2022 жылы үш пайыздан. Ал мемлекет 18 жасқа толмаған мүгедек баланың күтімімен айналысатындар мен жұмыссыз оралмандардың, Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтық алмағандардың төлемін өз мойнына алады. Және студенттерге оқуы аяқталған  соң 3 ай жарна төлейді. Ал жұмыссыздар банк арқылы өз беттерінше аударуы тиіс.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:


Олар ай сайын екінші деңгейлі банктерге E-Gov арқылы төлей алады. Қазір механизмдерін қарастырып жатырмыз. Немесе алдын ала бір жылға бірден аударуға болады. 14 мың төлеп, МӘМС-тің толық пакетін алады. Яғни ай сайын ең төменгі жалақының 5 пайызын аударады деген сөз.

Мемлекет пен жұмыс беруші аударатын қор қаражаты қатаң бақылауда болады,- деді Біртанов. Ол үшін Ұлттық банкте есеп-шот ашылады.