Су
тасқынының алдын алу мақсатында ондаған
шақырым бөгеттер жөнделіп, жер асты құбырлары тазартылды. Ал елді мекендерден
миллиондаған текше метр қар шығарылған. Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің
айтуынша, табиғи апаттың алдын алу және жою үшін 8 мың тоннадан астам жанар-жағармай мен
тұрғындарға қажетті тамақ өнімдері мен ауыз су қоры әзірленген.
Ауа-райы күрт
жылынып кеткен жағдайда наурыздың аяғы мен сәуірдің басында Ақмола, Шығыс
Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан
облыстарының кей аумақтарын су басу қаупі бар. Қазір құтқарушылар осы кезеңге тыңғылықты
дайындалып жатыр. Бүгінде су тасқынының алдын алу мақсатында 1000-ға жуық қап
пен 20 тоннадай жарылғыш зат қоры дайындалды, - деді вице-министр.