Бүгін таңертең Өскемен қаласында, Абай мен Шәкәрім даңғылдарының қиылысындағы қоғамдық көлік аялдамасында ер адам қайтыс болды.
«Сағат 06:45-те №16 жедел медициналық жәрдем бригадасынан 102 арнасына автобус аялдамасынан ер адамның табылғаны туралы хабар түсті», – деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Анықталғандай, қайтыс болған адам – қала тұрғыны, 66 жастағы ер азамат.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімнің себебі жүрек жеткіліксіздігі болған. Ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болған.