Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Өскемендегі әуежайдың ұшу алаңы суға кетуі мүмкін

AstanaTV
29.03.2016ж. 20:00
1665
Өскемендегі әуежайдың ұшу алаңы суға кетуі мүмкін

Өскеменде  әуежайдың ұшу алаңы, Риддер қаласына баратын шойын жол мен Үлбі жағалауындағы бірнеше шағын аудан еріген қар суының ортасында қалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін тасқынға қарсы дайындық жұмыстарын пысықтаған прокурорлар кеңейтілген кеңесте айтты. Аймақта наурыз айының соңғы күндері сел жүреді деп болжанып отыр. Гидрологтардың мәліметінше, қардың ылғалдылығы дәл қазір 1,5-2 есе жоғары. Осы себепті прокуратура жанынан құрылған арнайы комиссия су алуы ықтимал аумақтарды анықтады.

Синоптиктер сәуір айында өңірде жауын-шашын екі есе көп түсуі мүмкін екенін айтқан. Осыны ескерген құзырлы орын өкілдері аймақта 160 елді мекен, 22 шақырым темір жол мен жүзден астам облыстық және республикалық маңызы бар жол төтенше жағдай болуы мүмкін аумақта қалғалы тұрғанын айтты. Ал осы тұста тасқынның алдын алуға бағытталған іс-шаралар кейбір аудандарда сөз күйінде,- деді прокурорлар. Өзен арналары тазаланбаған, қажетті сұйық отын мен құм салатын қапшықтар жеткіліксіз.

Рустам Шидердинов,  ШҚО прокуратурасы бірінші басқармасының прокуроры:

Мәселен, Глубокий ауданында тиісті 15  тонна жанар-жағармайдың 2,5 мыңы ғана бар. 6 мың қапшық қажет болса, қолда бары 1 200 ғана. Ұлан ауданында автогрейдер бар дегенмен, оның өзі жөндеуде тұр.

Прокурорлар инертті материалдар, яғни су тасқыны бола қалса, оның алдын бөгейтін заттарға күмәнмен қарайды. Құзырлы орын өкілдерінің айтуынша, механикалық құрылымы және құрамы жағынан қоқыс тасқынға төтеп бермейді. Оның үстіне олар өндірістен шығатын қауіпті қалдық болып табылады. 

Рашид Апеков, ШҚО прокурорының бірінші орынбасары:

Біз бәріміз білеміз, шлак - экологиялық жағынан қауіпсіз емес. Оның үстіне инертті бұл материал тасқынға бөгет бола алмайды. Бұдан бөлек экология талаптарына шлак мүлдем кереғар материал.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ