$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға вакцина салынады

Елімізде қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға вакцина салынады

Елімізде 11 жастағы қыздарға вакцина салынады. Екпе жұмыстары қыркүйектен бастап жүзеге асырылады. Ол жатыр мойны обырының алдын алуға септігін тигізеді. Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация мектептерде жүргізіледі. Ол үшін жасөспірімдердің ата-аналарынан рұқсат қажет. Ерікті түрде салынатын екпе 6 ай аралықта екі рет салынады. Вакциянациялау кезінде Мерк Шарп және Доум екпесі қолданылады. Қазір елімізде 6, 11, 16, және 18 онкогендік типтерге қарсы 4 валентті вакцина бар. Дәрігерлердің айтуынша, адам папиломасы вирусы жылдам таралуға қабілетті. Ал екпе түрлі инфекциялардың алдын алады. 

ЖАННА ПІРӘЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметтері бойынша вакцина көптеген ондаған жылдары бойы тиімді болады және өмір бойы қорғауды қамтамасыз етеді. Мен ата-аналарды вакцинацияға деген көзқарастарын тағы да бір рет қайта қарауға шақырамын. Өйткені, бұл вакцина сіздің балаларыңыздың денсаулығы үшін ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес, басқа міндетті екпелер сияқты өте маңызды.

Екпені кәмелет жасқа жолған қыздар мен әйелдер де алуға мүмкіндігі бар. Қазір елде ақылы егу пунктерін ашу қарастырылып жатыр.